четверг, 10 июля 2014 г.

Соңғы күн!

Бүгін біз Астана қаласына қайтамыз. Бірақ, одан бұрын, біз Қызылорда қаласының мешіті мен кітапханасын көруге бардық. Мешіт өте үлкен, сыртынан да, ішінен де, әдемі және көркем екен. Ал, кітапхана болса, күшті, іші өте үлкен, балаларға да, үлкен адамдарға да, арналған кітаптар мен жеке бөлмелері бар екен.
Сонымен,  маған бүгінгі күн,  қалған тоғыз күн сияқты, өте ұнады! Мен Қызылорда қаласында, осы жатақханада көп болғым келер еді, әттең бұл экспедиция тек он күнге созылады. Мен Қызылорданы және осы жердегі НЗМ мектебін және оның оқушыларын, мұғалімдерін қатты сағынатын боламын!Және менің Қызылорда НЗМ мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне шын жүректен алғысымды білдіремін, сіздерге көп рақмет!Сіздерге тілерім, тек сәттілік! Қош, сау болыңыздар!!!

среда, 9 июля 2014 г.

Қызылорда қаласын аралау.

Маған бүгін өте қызық болды! Бүгін біз Қызылорда қаласындағы ескерткіштерді, мұражайларды, шіркеуді және т.б көрдік.Шіркеудің ішінде көп суреттер ілініп тұрды, ол неше түрлі өрнектермен безендірілген болды.Оның сырты да қызықты фигурада жасалған болды. Бұл шіркеу 1878 жылы салынған екен.  Тағы да, бүгін мен велосипед тептім, баскетбол, волейбол, дартс ойнадым. Және мен көптеген жаңа адамдармен таныстым.Бұл өте қызықты , әрі көңілді болды. Бүгінгі күн маған өте ұнады!

вторник, 8 июля 2014 г.

Туған күн!

Бүгінгі күн мен үшін өте қызық, көңілді болды. Бүгін менің құрбымның туған күні болды, біз оған арнап, неше тұрлі ойындар, дискотека ұйымдастырдық. Сол дискотекада неше түрлі сайыстар болды.Біз менің сыныптасымды, құрбымды шын жүректен құттықтап, оған сыйлықтар бердік.Бүгін оның тілектерінің барлығын орындауға тырыстық. күні бойы көңіл көтердік. Мен өз уақытымды өте жақсы өткіздім және туған күн иесінеде бүгінгі күн өте ұнады деп үміттенемін. Сана сені тағы да, туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

понедельник, 7 июля 2014 г.

Заманауи ауыл.

Бүгінгі күн маған өте ұнады, себебі біз бүгін Астана қаласының туған күніне орай концерт қойдық.Бұл мен үшін өте қызықты және көңілді болды. Қарағанды қаласынан келген балалар, бізді концерт кезінде қолдап, көмек көрсетті. Концертте өз өнерімізді көрсеткеніміз, менің ойымша өте жақсы болды.Және бүгін біз ауылға бардық.Жол бойы, бір-бірімізбен сөйлесіп, көңіл көтердік. Осы ауылдға келгенде, бұл ауыл емес, қала деген әсер пайда болды. Жан-жақтың барлығы субұршақтар, әдемі ғимараттар, гүлдер мен ағаштар болды.Барлығы өте жақсы болды.

Қызылорда қаласына қайтып келу.

Бүгін біз Қызылорда қаласына қайтып келдік. Жолда, біз Қорқыт атаның кесенесін көрдік. Кесенені жаңартып жатыр екен. сол жерде мен Қорқыт ата туралы аңыздарды естідім. Бұл мен үшін өте пайдалы, әрі қызықты болды. Автобуста да, өте қызықты, көңілді болды. Оның ішінде, біз ойындар ойнап, өлең айтып көңіл көтердік. Мен үшін бүгінгі күн ең жақсы күндердің бірі болды.   

Қазалы

Бүгін біз Қазалы ауданына келдік. Тамақтанып алған соң, Қамбаш көліне жол тарттық. автобустың ішінде, көңіл көтердік, өлеңдер айттық. Қамбаш көлі бүгін барған жерлердің ішінде маған ең ұнағаны болды. Себебі, ол жер өте әдемі, жылы және сол жерде ғана мен жақсы көңіл көтеріп қайттым. Қамбаш көлінің жағалауында  біз неше түрлі ерекше, әдемі тастар , қабыршақтар, өсімдіктер , жануарларды тауып, көңіл көтердік. Бүгінгі күнді мен өте жақсы, көтеріңкі көңіл-күймен өткіздім.

Мұражай

Бүгін біз әртүрлі жерлерді зерттеуге, қарауға бардық. Солардың ішінде маған ең ұнағаны "Кладбище кораблей" мұражайы. Мен оның ішінде әртүрлі қызықты, тарихи , көне заттарды көрдім.Және сол мұражайда Арал апаты , Арал теңізі туралы көбірек біле алдым. Маған өте қызықты болды. Бұл мәліметтің барлығы маған өте көп көмек беретініне қуаныштымын. Мен , Арал теңізі тартылып, жатқанын естігенде, аса көңіл бөлмейтінмін, бірақ өз көзіммен көргенде, өзім біртүрлі сезімде болдым. Мен Арал теңізінің тартылғанын көргенде таңқалыдым.

Арал қаласы

Бүгін біз Аралды зерттеуге, Арал қаласына келдік. Күні бойы , волейбол ойынын ойнап, жақсы көңіл көтердік, тағы барлығымыз жиналып, өлең айтып, бір-бірімізбен таныстық. Менің ойымша осылай жиналып, танысқанымыз, бірге ойнағанымыз өте жақсы. Себебі, бұл біздің қарым-қатынасымызды дамытады. Бүгінгі күн маған өте ұнады. Мен өз уақытымды пайдалы, әрі күшті өткіздім.

среда, 2 июля 2014 г.

Қызылорда қаласына келу.

Біз екінші шілде күні таңертең Қызылорда қаласына келдік. Бізді өте қонақжай адамдар қарсы алды.Бізді автобуспен мектеп жатақханасына алып келді. Қызылорда қаласында орналасқан НЗМ мектебі өте үлкен, көзге жағымды көрінеді екен. Мектеп жатақханасы да, өте жақсы және ыңғайлы екен.Біз тамақтанып, бөлмемізге орналасып алғаннан кейін, бізге Қызылорда қаласында орналасқан НЗМ оқушылары мен Қарағанды қаласында орналасқан НЗМ-нің оқушылары бізге өте қызықты концерт көрсетті.Ал, содан кейін мұнай өндіретін заводтқа апарды. Жол бойы бізге Қызылорда қаласында орналасқан ,ғимараттар мен ескерткіштер туралы айтты.Біз заводқа келгенде, бізге маскалар таратып берді. Себебі, ол жерде әртүрлі улы денсаулыққа зиянды заттар болды.Сол жерде жұмыс істейтін адамдар, бізге мұнайды қалай өндіретіні туралы, негізінен завод туралы айтып берді. Заводты аралаған кезде, әртүрлі біз қызық  машиналарды көрдік. Мен өзіме пайдалы көп мәліметтерді білдім. Бұл күн өте қызықты өтті! 

Пойызда

Отызыншы маусым күні біз  Қызылорда қаласына жолға шықтық.Мен ол жерде, "жаман және пойыздың ішінде өткізілетін уақыт қызықты өтпейді."-;деп ойладым.Бірақ біз поездке кіргеннен бастап, ішінде, күні бойы ойнадық, көңіл көтердік, бір-бірімізге қызықты оқиғаларды айттық, әртүрлі, қызық жерлерді көрдік. Біз жол бойы  Шу, Шымкент, Түлкібас, Тараз сияқты мекенді жерлерді көріп, өзімізге пайдалы көп мәліметтерді білдік.Осы экспедицияның арқасында, мен басқа балалармен таныстым, достарым туралы көбірек білдім. Біз әркүн сайын, уақытымызды қызықты, әрі пайдалы өткіздік. Мен үшін пойызда өткізілген уақыт  өте қызықты болды! Мен өз уақытымды өте пайдалы өткіздім.